Тематический план

  • МОДУЛЬ 1

    • Просмотреть

      Дәріс 1. Мұнайгаздың ұңғымалық жабдықтары. Кіріспе. Негізгі анықтаулар және түсініктер. Ұңғыманың сағалық бөлімі. Конструкциялау және схемалары. Ұңғыма конструкциясын анықтайтын факторлар. Шегендеу құбыры, оларды есептеу. Ұңғыманың фильтр бөлімінің жабдықтары.

                  Мұнай мен газ адмазат қоғамының энергия көздерінің бастысына айналды әрі ең маңызды химиялық бөлшек болып табылады. Мемлекетті газ-мұнай шикізаттарымен қамтамасыз ету елдің экономикалық дамуын айқындайды және технологиялық прогресті белгілейді.

                  Мұнай-газ өндіру саласының ерекшелігі айтарлықтай жоғары, ілгері қарқынды, сапа жағынан алдыңғы қатарлы, әрі мұндай өнімдер жыл сайын өндірілуде. Қазіргі мұнай өндіру саласы ең соңғы үлгілермен жабдықталған, автоматтандырылған, ондаған күрделі өзара технологиялық процесстерді жүзеге асыра алатындай жағдайда.

                  Оларды жүзеге асыру үшін пайдаланылып жүрген саны, күрделілігі, әртүрлілігі жағынан машиналар мен жабдықтар қазіргі өнеркәсіп салаларында алдыңғы қатарлы орындарды иеленеді. Толассыз даму үстіндегі мұнай-газ өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың саны жаңа мұнай-газ өндірісінің жаңа саласының қалыптасуына әкеліп соқтырды.

                  Мұнай-газ саласының дамуымен қатар бір мезгілде машина құрастыру салалары да даму үстінде. Және де осымен қатар ғылым да даму бағытында.

                  «Кәсіптік жабдық» курсы мұнай-газ өндірудің әртүрлі тәсілдерінде, жөндеу жұмыстарында, мұнай мен газды тасымалдауда, газ бен мұнайға арналған құбырларды, осымен қатар осы салаларда қолданылатын машиналар мен жабдықтарды  зерттейді.

                  Мұнай және газ көздерін өңдеу тек қана жер қыртысының өнімді беткейлерін бұрғылайтын ұңғымалардың көмегімен жүзеге асырылады.

                  Ұңғыма – тік немесе иіліңкі болады, кішгірім диаметрі (75-350мм-ге дейін) мынадай тереңдікке кетеді100-150-ден 5000-6000 метрге дейін және одан жоғары болады. Ұңғыманың бөлшектері: сыртқа шығу ауыз қуысы; ұңғыма-түбі, діңгек – жанындағы жоғары жағы. Қыртыстарды жалғастыратын ұңғылар. Ұңғымалар тік және иіліңкі бағытта болуы мүмкін.

                  Ұңғымалар мынадай санаттарға бөлінеді: өндіруші, барлаушы, бақылау және позометрикалық. Мұнай және газ өндіруге немесе конденсация жасауға арналған ұңғымалар өндіруші деп аталады. Ал суды, басқа да сұйықтық заттарды тартуға арналған, және де жатқан қорларға жасанды түрде әсер етуге арналған ұңғымалар айдау ұңғымалары деп аталады. Барлау ұңғымалары болса, мұнай кендерінің бар жоғын, мұнай-газдың таралу аймағын айқындауға арналған.

                  Бақылаушы және пезометрлік ұңғымалар жер қыртысы мен қыртыстық сұйықтықтың жағдайын анықтау бойынша жұмыстарды атқаруға, сонымен қатар қыртыстық қысымдарды ұстап отыруды жүзеге асыру мақсатында пайдаланылады.

                  Іске асыру ұңғымасы ұңғымалардың ішіндегі ең негізгі де маңызды құрылым болып табылады, ал олардың жинытығы іске асыру қоры саналады, оның құны қазіргі кәсіпті барлық технологиялық жабдықтау құнының 75-80 пайызын құрайды. Бүтіндігі тараған, ақауы табылған ұңғымалар қолданылаудан тыс қалады. Оларды күрделі жөндеуден өткізеді болмаса тіпті жарамсыз болып табылады.

                  Міне сондықтан да ұңғымалардың ұзақ уақытқа жарамдылығы жердің өнімді қабатын өндіру кезеңіне сәйкес болуы қажет. Яғни бұл бірнеше он жылдық деген сөз. Мұндағы ең басты нәрсе жабдықтың жоғары сапалылығы. Ұңғыма құрылысына қажетті талаптар оның іске асырылу шарттарымен айқындалады. Барлығынан бұрын оның сапасы қыртыстық геологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

                  Іске асыру ұңғымасын ең бастысы екі негізгі типте болады: тік және иіліңкі. Иіліңкі үлгісі – қыртыстың берілген жерінде ұңғыманың бастауын бағыттау қажеттілігінің нәтижесі болып табылады. Осы ұңғымалардың профильдері технологиялық талаптарға сәйкес алуан түрлір болып келеді.

                  Тізбектің ұзақ жұмыс жасауы ұңғыманың жұмыс жасау уақытымен сәйкес келуі тиісі.

      Ұңғыманың сыртқы шегендеу құбырлар тізбегі бірнеше метр тереңдікке түсіріледі, ал оның қубыр бойы толық цементтеледі. Бағыттаушының ішінде тезбек басы орнатылады, оның ұзындағы 200 ден 600-800м. дейін болады. Бұл кондуктор барлық ұзындағы бойынша цементтеледі. Пайдалану тізбегі мен кондуктор арасындағы шегендеу құбырлар тізбегі түсіріледі. Олар ұңғыманы құрғанда технологиялық функцияларды жасайды, тереңдікке түсірілуі геологиялық қабатқа байланысты анықталады.

      Тезбек басы кондукторға жалғастырылады, ұңғыманы пайдалану ұңғымаға жобдықтарды түсіруге қолданылады.

                  Пайдалану ұңғымасының филтлі бөлімі газдың немесе сұйықтың және де қабатқа суды газды айдағандағы ағып кетпеуін қамтамасыз етуге тиіс.

                  Ұңғыма оқпаны шегендеу құбырлары тау жыныстарының қысымында болады ол пайдалану тізбегі – сұйық және газды айдағандағы немесе қабаттың қысымында болады. 

                  Ұңғыманы пайдаланғанда ішкі және сыртқы қысым ауысып отырады.

                  Ұңғыманы пайдаланғанда мұнай, газ және конденсат коррозия туғызады, оның шегендеу құбыр тізбегін бұзылуға әкеліп соғады. Өндіру кәсіпшілігінде мұнай мен газ көмір қышқыл газ және күкіртқышқылы көп. Өндіріліп жатқан кәсіпшілікте, тереңдеген сайын оның қысымы мен қабат температурасы 2500С-ға дейін барады.

                  Ұңғымаға жоғары қысыммен қышқылды жұмыс сұйығын, газ жоғары температурағы жылу тасығыштары жіберу, оның жұмысын қиындата түсіреді,

                  Бұндай жағдайлар ұңғыманың бұзылуына (авария) әкеліп соғады.

      Пайдалану құбырлары жоғарғы дережедегі металдан жасалады. Оның негізгі көрсеткіштері стандарт бойынша реттеледі, уақытша қарсыласуы, ағым шегі, салыстырмалы ұзартылуы (1.1 кесте) көрсетілген.

       

       

       

      1.1-Кесте

       

      Көрсеткіштері

      Стальдың тығыздығы

       

      С

      Д

      К

      Е

      Л

      М

      Р

      Уақытша қарсыласу τу, МПа

      550

      650

      700

      750

      800

      900

      110

       

      320

      380

      500

      550

      650

      750

      950

      Салыстырмалы ұзартылу, %

      18

      16

      12

      12

      12

      12

      12

                  Теориялық массасы, муфтаның өлшемдері беріледі.

                  Көбінесе пайдалану ұңғымалары пайдалану тізбегі бір құбыр өлшемдерімен жиналады: 114;127;146;168; және 194мм. Осы өлшемдерге байланысты көпнесе қолданалатын мына өлшемдер 146 және 168мм.

      Пайдалану тізбегін ең аз диаметрін қолдана отырып, мұнай өнеркәсіпшілігіне максималды бұрғылау үлкен роль атқарады (114 және 127 мм) және жоғарыдебитті ұңғымада (146мм және жоғары) диметрлі қолданылады. Осыған байланысты мұнай кәсіпшілігінде ұғыманы пайдаланғанда тізбек диаметрінің кіші диаметрі стальдің шығының әлде қайда қысқартуға болар еді.

                  Мұнай кәсіпшілігінде бұрғылауда ең кіші диаметрлі тізбекті қубырды пайдалану негізгі роль атқарады.

                  Ұңғымалы пайдалану оқпаныны пайдаланғанда оқпанды тізбегінің қолындағы көп роль атқарады.

                  Оқпанды тізбекті есептегенде оның негізгі факторы болып температурасы ескеріледі.

                  Оқпанды тізбекті жартылай цементтегенде тізбектің температурасы  сағалы бөлімге ауыстырғанда ауыспалы деформацияда болады.

                  Ауыспалы көлемі келесі фрмула бойынша анықталады.

      lt =l0 (dt+d∆t),                                                                                                    (1.1)

                  мұндағы dt – кеңейту жүйесінің коэффициенті, ∆t – жоғары бөлімдегі және ұңғыма температурасының айырмашылығы;

                  l0 – тізбектің бастапқы ұзындығы.

      (1.1)         формуласына байланысты жоғарыдағы ұзарту 0,5-0,75м өзгерілуі мүмкін.

      Оқпанды ұңғыма берілісі кезінде немесе арнайы тізбектің агрессивті ортада, будың жоғары температурада әсер етуі коррозияның жоғары болуын тудырады. Осыған байланысты құбырдың қолындағы дұрыс таңдалуы тиіс.

                  Өнім қобатының ұңғымалы ашық аймағы фильтрмен жабдықталады. Ұңғыманы фильтрмен жабдықтау, өнім қабаттының бұзылуы кезінде ұңғымаға түсіп кетпеуін қамтамасыздандырады.

                  Фильтрдың негізгі сипаттамасы ретінде оның гидродинамикалық ерекшілігі қарастыралады.

                  Ұңғыма фильтрі тұрақты немесе ауыспалы болуы мүмкін.

                  Ауыспалы фильтрге гравиналы қызыл-стерженді, гравитациялық қиыршықтытас металлдыкерамикалық және т.б. Ауыспалы қиыршықты фильтр бір-біріне консетрично орналасқан құбырды құрайды, онығ арасында қиыршық тастар (гравий) төселген. Фильтр жиналған күйінде пайдалану тізбегіне түұсіріледі және өнімді қабат аймағына құрастырылады. Фильтрдің жоғарғы және төменгі бөлімі герметизацияланады.

                  Басқа филтрлерге тоқталар болсақ мәселен металлкерамикалық, ол корпустан және фильтрөткізгіштік элементтен тұрады, сонымен қатар пісірленген шарик металды жасалады. Шариктің өлшемдерін таңдау, фильтрдің өткізкізтіктін қамтамасыздандырады, ал материалына келер болсақ фильтр коррозияға төзімді жасалады. Фильтрдің ұзындағы қабат өнімділігінің қалындығына сәйкес болуы тиіс, ал ол ауыстырмалы шиыршықты фильтрге орнатылады.

                  Ұңғыманы пайдаланғанда, көбінесе фильтр қабат өнімінен шығатын сүйықтардан жобалып қалады, мәселен сүйықта болатын смола тәріздес заттармен. Осының барлығы гидродинамикалық сапаны кеметеді. Осыны болдыртпау үшін фильтрді тазалау қажет, тазалағында оған сұйықты кері айдау жұмыстары керек немесе мүмкіндік болса фильтрді жоғарыға шығарып ауыстыру қажет.

                  Қиыршық металлкерамикалық және басқа фильтрлерді қолдануда, алдымен қабат әнімінің механикалық жынысына байланысты. Егер құмды қабатты цементтегенде фильтрді міндетті түрде қолданамыз. Өйткені мұндай қабатта өнімді өндіруде құбырларды ауыстыруда, тізбектерді пайдалануда, сұйықты жоғарыға шығаруға арналған жабдықтардың тез істеп шығуына әкеліп соғады.

                  Негізгі әдебиеттер 2 [§1, §3 бет.20-33], 4  [§1.1,  бет.11-14].

                  Қосымша әдебиеттер   2 [§1, бет.22-25].

                  Бақылау сұрақтары:

      1.      Ұңғыма дегеніміз не?

      2.      Ұңғыманың қандай конструкциялары және типтерін білесіз?

      3.      Пезометриялық, Бақылау, барлау, айдау, өндіру ұңғымаларының атқаратын қызметі?

      4.      Ұңғыманы пайдаланғанда қандай жасақтаулармен жасақталады?

      5.      Шоғырмала ұңғыма деп нені атаймыз?

      6.      Қандай кезде ұңғыма көп түптік деп аталады?

      7.      Кондуктор және бағыттауыштың тағайындалуы?

      8.      Фильтрдің тағайындалуы?

      9.      Фильтр қалай классификацияланады?

      10.                 Шегендеу құбырлар тізбегінің қалыңдағы қандай проблемаларды туғызады?

       

       


    • Просмотреть
    • Просмотреть
    • Просмотреть
  • МОДУЛЬ 2

  • АТТЕСТАЦИЯ 1 - ТЕСТ

  • Модуль 3