2. Дәріс 10

Дәріс 10. Ұңғымадан фонтандау кезіндегі жұмыстар және ұңғымадан қысыммен құбырды түсіру мен көтеру агрегаттары. Тағайындалуы. Қолдану шарты. Қоршаған ортаны қорғау.

 

            Арматура ұңғыға суды айдау процесі кезінде айдаушы ұңғылардың сағасын герметизациялау үшін қолданады, одан басқа жөндеу жұмыстарын, айдауды тоқтатпай зерттеу жұмыстарын және қабаттың өнімділігін жақсарту жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.

            Арматураның негізгі бөліктері – құбыр басы және елка.

            Елка сорапты-компрессорлы құбырлар тізбегі арқылы суды айдау үшін арналған және де оқпан ысырмаларынан, тройниктен, бүйір ысырмалардан және кері клапаннан тұрады.

            Тізбек басы құбыраралық кеңістікті, сорапты-компрессорлы құбырлар тізбегінің алқаларын герметизациялау үшін және кейбір технологиялық операцияларды, зерттеулік және жөндеу жұмыстарды өтізу үшін арналған. Ол ысырмалардан, тез жинағыш қосылғыштан және крестовинадан тұрады.

            Айдаушы ұңғылардың сағасын жабдықтау үшін АНК-65х210 және АКН1-65-350 типті арматура қолданылады.

            Арматурадағы тиекті құрылғы ретінде тік ағушы (прямоточная) ЗМС1 типті тиек қолданады. Затвордың (қақпаның) бөлшектері, яғни шпиндель және фланецті қосылыстардың тығыздаушы төсемі (прокладка) тотығуға төзімді болаттан жасалады. Қалған жағдайларда ысырма және арматура бөлшектері ысырманың және фонтанды арматураның сәйкес бөлшектерімен унифициалдаған.

            Елканың бүйір бағыттаушысында қондырылған кері клапан су бағыттаушының зақымдалуы немесе айдаудың уақытша тоқтатылуы кезінде, ұңғыдан сұйықтың кері ағу мүмкіндігін жою үшін керек. Кері клапан тұрқы, ершік (седло), хлопушкадан, екі қайтқыш серіппеден және елканың бүйір бағыттаушысына  клапанда қосу үшін арналған аудармашы фланецтен тұрады. Ұңғыға айадлатын сұйық ағынының әсерінен кері клапан хлопушкасы өсте айналып серіппені орайды. Айдаудың тоқтатылуы кезінде немесе су бағыттаушысының зақымдалуы кезінде ұңғыдан шыққан су ағыны және қайтқыш серіппеллер хлопушканы бастапқы жағдайға әкеледі, және ол тығыздаушы бетпен клапан ершігіне (седло) қысылып су ағының тоқтатады.

Сурет 12.3 Айдаушы ұңғыларға арналған АНК1 типті сағалық арматура:

1-тізбек басы; 2-тез жинағыш қосылыс; 3-манометрге арналған бөлгіш; 4- ЗМС1 ысырмасы; 5- кері клапан.

            Негізі әдебиет 1 [1-3, 200-213 бет], 2 [1-2, 406-414 бет], 4[9.1-9.2, 467-506 бет].

            Қосыша әдебиетте 10 [380-402 бет].

            Бақылау сұрақтары:

1.      Мұнайды сумен ығыстыру үшін арналған жабдықтар комплексі қандай аумақтардан тұрады?

2.      Қабатқа айдалатын суға қандай талаптар қойылады?

3.      Қабат суларын қолданудың қандай артықшылақтары бар?

4.      Коагулянттардың міндеті?

5.      Арында гребенка блогының міндеті?

6.      Дренажды сораптар блогының міндеті?

7.      УЭЦН-нің УЭЦП-дан қандай айырмашылығы бар?

8.      УЭЦПК 16-2000-1400ХЛ5 шифрын талдап беріндер?

9.      ППД-ға арналған өнімділік қабатқа суды неге айдауға болмайды?

10.  ППД-ға арналған өнімділік қабатқа қандай газды айдауды ұсынылады?